Жаяу жүргінші өлімі қай өңірде көп тіркеледі?

0
28

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Үкімет отырысында облыс орталықтарының арасын кемінде 4 жолақты жолмен жалғауды ұсынды.

«Шұғыл түрде 4 және одан да көп жолағы бар 6000 шақырымнан астам жол салу қажет. Олардың ішінде облыс орталықтарының арасындағы трассалар бар: Атырау, Ақтөбе және Орал; Өскемен, Семей;Қарағанды, Жезқазған, Қызылорда;Қарағанды, Павлодар және тағы басқалар. Мұнда ені 7 метр болатын екі жолақты жолдар орналасқан. Сондықтан бұл жерлерде бетпе-бет соғысу және аударылу жиі болады», — деді Е.Сәденов.

Сондай-ақ, ол елді мекендердің жол инфрақұрылымы көңіл көншітпейтінін айтты.

«Өлімнің төрттен бірі – жаяу жүргіншілерді қағып кету. Олардың ең үлкен үлесі Маңғыстау, Алматы, Қызылорда облыстарына тиесілі. Себеп – жаяу жүргіншілер жолдардың, жарықтардың, тротуарлардың болмауы», — деді министр.

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу