
Түркістан облысында 310 орынды мектепте 1 мың бала оқып жүр. Өңірде үш ауысыммен жұмыс істейтін төрт мектеп бар.
Мемлекеттік қолдаудың аясында өңірлердегі үш ауысымды мектеп мәселесі бүгінде өз шешімін таба бастады. Бұл бағытта «Жайлы мектеп» ұлттық пилоттық жобасының үлесі көп. Сондай-ақ, кәсіпкерлер тарапынан жекеменшік мектеп салу ісі де өңірлердегі мектеп тапшылығын жоюға атсалысып келеді. Бүгінде демографиялық өсім жоғары Түркістан облысында үш ауысымда жұмыс істейтін төрт мектеп бар. Мәселе биыл шешімін табады деп жоспарланып отыр. 310 орынды мектепте 1000-ға жуық бала оқып жүр. Сайрам ауданы Жібек жолы ауылында орналасқан Бөкейхан жалпы орта мектебі 1971 жылы салынған. Бүгінде 310 орындық білім ордасында 1000-ға жуық бала білім алады.
Жалпы оқушы саны 3 есе көп. Өңірде жекеменшік мектептер ашылған сәтте бала саны күрт азайған. Дегенмен кейін кеткен оқушылар сыныбына қайта оралыпты. Дәл қазір мектепте 972 бала бар. Мектеп басшылығының айтуынша, кей жылдары бала саны 1200-ге дейін артқан кездер болған. Алғашқы ауысымның сабағы тағы сағат 08:00–де басталады. Ал, сағат 11:30–13:00 аралығында мектепалды даярлық тобы мен бірінші сыныптар оқиды.
Сағат 14:00–де жоғары сыныпқа сабақ басталады. Бір сыныпта 28-29 оқушы бар. Ауылда демографиялық өсім өте жоғары. Жыл сайын мектепалды даярлық сыныбына 120-130 шамасында бала келеді. Мектеп басшылығы мәселені шешу үшін жоғарыда тұрған жауапты сала басшыларына хат жазып, мәселені жеткізген. Ал, мектептің білім сапасы жоғары. Өткен жылы түлектер ҰБТ-дан жоғары ұпай жинап, мектеп облыстық деңгейде алғашқы орыннан көрінген. Одан бөлек, оқушылар республикалық, облыстық байқаулар мен білім бәсекелерінде топ жарып жүр.