
Түнде Алматыда жеңіл көлік жаяу жүргіншіні қағып кетті.
Алматы қаласы Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 9 ақпан сағат 22:05-те Жетісу ауданында болған. Сүйінбай даңғылымен оңтүстікке қарай келе жатқан Exit маркалы автокөлік жолдан өтпек болған жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
– Жол апатынан ер адам қаза болды. Жол-көлік оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғады, – деп хабарлады қааллық полиция департаменті.