
БАҚ-та тараған дерекке қарағанда, жарылыстың дүмпуі нысан маңындағы тұрғын үйлерге сезілген. Төтенше оқиғаға қатысты «Қазақстан Теміржолы» ұлттық компаниясы баспасөз қызметі ресми хабарлама таратты.
– 2025 жылдың 14 ақпаны сағат 00:30-да Астана стансасындағы сұрыптау жолында жүк контейнерінде дүмпу болды. Бұрын контейнерде жүк — электр жабдықтары (трансформаторлар, генераторлар) болған.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, – деп жазылған ақпаратта.
Сонымен қатар контейнердің жеке компанияға тиесілі екені айтылады. Уәкілетті органдардың қатысуымен тергеу басталды.