
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетімен сотпен әрекетке қабілетсіз және әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп тану туралы ақпараттың болуы/болмауы жөнінде ақпарат ұсыну «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Заңының талаптарын орындау аясында жүзеге асатынын хабардар етеміз.
Анықтамаға сұрауды қабылдау және нәтижесін алу Комитеттің qamqor.gov.kz, жария порталы арқылы «Сотпен әрекетке қабілетсіз және әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған тұлғалардың тізілімі» бөлімінде жүзеге асырылады.
Тексеру ЖСН, жеке басты куәландыратын құжаттың нөмірі және оның берілген күні бойынша автоматты режимде жүргізіледі.
Сіз басып шығарып және оны талап еткен жерге ұсынатын ақпарат 3 (үш) минуттың ішінде беріледі.
Бұл ретте, ақпарат тәулігіне 1 (бір) рет қана сұратылады.
#заң_және_тәртіп
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті