
Қазір суицидке әкелудің мән-жайы анықталып жатыр. Бұл ақпаратты Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
– Суицидке жеткізу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеудің объективтілігі мен мән-жайды анықтауға бағытталған барлық тергеу-жедел іс-шаралары жүргізіліп жатыр, – делінген хабарламада.
Осы орайда Жамбыл облыстық полиция департаменті Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жария етуге жатпайтынын хабарлады.
Күні кеше Жамбыл облысында полицей қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқаны туралы хабарлаған едік.
«Алматы-Ташкент» автожолының 203-шақырымында «Volkswagen Passat» маркалы автокөліктің жүргізушісі қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, бекітілген аумақта жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген патрульдік автокөлігімен соқтығысқан.