
Сырым аудандық сотында жол апаты салдарынан адам қаза болып, жол-көлік апатына қатысы бар жүргізушіге қатысты үкім шықты.
БҚО сотының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, жеңіл көлік айдап келе жатқан жүргізуші жүк көлігімен соқтығысқан.
Салдарынан жеңіл автокөлікте отырған жолаушы көз жұмған.
– Сот сотталушының кінәсін толық мойындағанын, бірінші рет абайсызда қылмыс жасағанын қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн мән-жай ретінде ескерді. Сот үкімі бойынша аталған тұрғын ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес айыпты деп танылып, оған 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Сонымен қатар ол 5 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ, – деп хабарлады ведомстводан.