
Елімізде 1 шілдеден бастап барлық медицина ұйымдарында Медициналық көмекке ақы төлеудің бірыңғай жүйесін (МКАБЖ) енгізу басталады.
МКАБЖ енгізу Мемлекет басшысының денсаулық сақтау саласындағы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің тиімділігін арттыру туралы тапсырмасы аясында қолға алынған.
Денсаулық сақтау ведомствосы Мемлекет басшысының көмекшісі Тамара Дүйсенованың төрағалығымен өткен кеңесте осы тапсырманы орындау мәселелерінің қаралғанын растады.
Айта кетерлігі, Saqtandyrý ақпараттық жүйесіне интеграцияланған жаңа цифрлық құрал ТМККК және МӘМС арқылы іске асырылады. Осылайша, медициналық қызметтерді қаржыландырудың ашықтығын, сапасын бақылауды және автоматтандыруды қамтамасыз етеді.
Жаңа цифрлық жүйе нені қамтамасыз етуге мүмкіндік беретініне тоқталсақ:
- көрсетілген медициналық көмектің дұрыстығын дербестендірілген есепке алу және түпкілікті бақылау негізінде медициналық қызметтер көрсетудің ашықтығы;
- қаражаттың негізсіз есептен шығарылуын болдырмау және медициналық қызметтердің сапасын бақылауды жақсарту;
- медициналық көмек көрсетудегі қателер мен бұзушылықтарды, соның ішінде «қосып жазулар» деп аталатындарды автоматты түрде анықтау.
Медициналық қызметтерге ақы төлеу тек нақты көрсетілген көмек үшін жүргізілетініне кепілдік беру. Бұл жүйелер қаржы қаражатын тиімді пайдалануға, қосып жазуларды алып тастауға және сыбайлас жемқорлық қауіптерінің үлесін азайтуға бағытталғанын айта кеткен жөн, — деп атап өтті министрліктен.
Наурыз айында Бірыңғай төлем жүйесін пилоттық іске асыру Ақмола облысының медициналық ұйымдарында басталып кетті. Ал 1 шілдеден бастап жаңа жүйе еліміздің барлық медициналық ұйымдарында енгізіледі деп күтілуде.
Мамандар медициналық қызметтердің сапасын бақылаудың автоматтандырылған жүйесі медициналық ұйымдарды пациенттердің қажеттіліктеріне денсаулық сақтау жүйесін ынталандырады деп отыр.
Жүйенің тиімділігін Ақмола облысындағы пилоттық жобаның алдын ала қорытындылары растады. Пилоттық режимде жүйе көрсетілген медициналық көмектің белгіленген стандарттарға сәйкес келмеуінің 11 мыңнан астам фактісін, оның ішінде тіркеу фактілерін анықтады. Бұзушылықтарды қарау қорытындылары бойынша ұйымдастырушылық және қаржылық сипаттағы шаралар қабылданатын болады, — деді Денсаулық сақтау министрлігі.