
Синоптиктер дүйсенбі, 17 ақпанда еліміздің басым бөлігінде ауа райының қауіпті құбылыстарына қатысты болжам жариялады.
Болжамға сүйенсек, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде қар жауады. Тек еліміздің солтүстік-шығысында, оңтүстігінде антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады, – делінген кәсіпорын таратқан хабарламада.