
Футболдан Қазақстан құрамасы Түркияда өтіп жатқан оқу-жаттығу жиыны барысында Солтүстік Кореямен кездесті.
Белгілі маман Әли Әлиев тізгінін ұстаған Қазақстан құрамасында негізінен жастар ойын көрсетеді. Соған қарамастан олар бүгінгі қарсыласына лайықты төтеп бере білді.
Кездесу барысында құрамалар бірінші кезеңде бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ.
Екінші кезеңде ойын тзігінін қазақстандық футболшылар өз қолында ұстауға тырысты. Десе де гол соғатын мүмкіндігін мүлт жіберіп алып жатты.
Ойынның 69, 95-минуттарында Солтүстік Корея футболшылары гол соғып кетті.
Осылайша қазақстандық футболшылар қарсыласына 0:2 есебімен есе жіберді.
Солтүстік Корея құрамасы 1966, 2010 жылдарда әлем чемпионаты финалдық сатысында ойын көрсеткен. Олар 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу сатысының үшінші іріктеу кезеңінен қатысып жатыр. Қазір А тобында небәрі екі ұпаймен алтыншы орынды місе тұтып тұр.
Айта кетсек, Қазақстан құрамасы 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу турнирінде Уэльс, Лихтенштейн, Солтүстік Македония және Бельгия командаларымен бірге J тобына түсті.
Ұлттық құрама іріктеу кезеңін 23 наурыз күні сырт алаңда Уэльске қарсы ойынмен бастайды. Үш күннен соң Лихтенштейнмен кездеседі. Екі ойын да сырт алаңда өтеді.