
Түркістан облысында бір топ адам астан уланды.
Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қалалық орталық ауруханаға сушидан уланған 22 адам жатқызылды. Оларға «тағамдық токсикоинфекция» диагнозы қойылған.
Осы жағдайдан кейін Түркістан қаласының полиция басқармасы дәмхананы мөрлеп, жауып тастады. Адамдардың жаппай улану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.
Ондағы қызметкерлердің медициналық кітапшалары болмай шықты. Кейбірінің құжатының мерзімі өткені анықталды. Бірқатар сараптамалар тағайындалды. Ал жағдайы біршама жақсарған науқастар үйіне қайтарылды.