
Жетісай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 1-маусым Халықаралық балалар күніне орай «Менің отбасым» тақырыбында полиция бөлімінің ауласында асфальтқа сурет салу байқауын ұйымдастырды. Аталмыш шараға аудандағы білім беру мекемелерінің оқушылары белсене қатысты.
Балалар өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, отбасы мүшелеріне деген сүйіспеншіліктерін түрлі түсті бояулар арқылы бейнеледі. Әр суреттен мейірім мен жылулық сезіліп тұрды. Байқау тек өнер сайысы ғана емес, сонымен қатар отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталды.
Шара соңында үздік жұмыстар анықталып, жеңімпаздар мен белсенді қатысушыларға Алғыс хаттармен естелік сыйлықтар табысталды. Полиция қызметкерлері осындай игі бастамалар балалардың тұлғалық дамуына оң әсер етіп, қоғаммен байланысты нығайтатынын атап өтті.