Жетісай ауданында құқық қорғау органдарының кәсіби әлеуетін арттыру және қоғаммен байланысын күшейту мақсатында жас полицейлер мен олардың ата-аналарының қатысуымен маңызды кездесу өтті. Бұл іс-шара – аудан көлемінде «Заң және тәртіп», сондай-ақ «Қауіпсіз қоғам» қағидаттарын насихаттау бағытындағы жүйелі жұмыстардың бір бөлігі.
Кездесу барысында жас қызметкерлердің қызметке бейімделу жолы, құқықтық жауапкершілік, тәртіп пен адалдық, сондай-ақ тәжірибелі тәлімгерлердің рөлі кеңінен сөз болды. Бұл – құқық бұзушылыққа «нөлдік төзімділік» қағидатын қалыптастырудағы маңызды қадам.
Ата-аналар өз балаларының заң үстемдігін сақтау жолындағы адал қызметіне мақтанышпен қарап, полиция бөлімінің ашық жұмыс форматына оң бағаларын берді. Сонымен қатар, құқық қорғау саласында тәртіп пен әділеттіліктің орнығуы үшін отбасы мен қоғамның бірлескен тәрбиесі аса маңызды екені атап өтілді.
Кездесу – Жетісай ауданында құқық қорғау органдарына деген сенімді нығайтуға, әрі азаматтардың құқықтық мәдениетін көтеруге бағытталған маңызды ақпараттық-түсіндіру шарасы болды.
