
Жетісай ауданында «Мен сіздің учаскелік полиция инспекторыңызбын» атты кең ауқымды ақпараттық-насихаттау шарасы ұйымдастырылды. Бұл бастама – заң үстемдігін нығайтып, қоғамдағы құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған нақты қадам.
Аталған шараның басты мақсаты – тұрғындар мен құқық қорғау органдары арасындағы өзара сенімді қарым-қатынасты қалыптастыру, учаскелік инспекторлар мен қоғам арасындағы әріптестікті күшейту. Учаскелік полицейлер азаматтардың үйлерін аралап, құқықтық кеңес беріп, азаматтардың талап-тілектерін тыңдады.
Осындай бастамалар – заң мен тәртіпті қамтамасыз етудің негізі ғана емес, тұрғындардың құқықтық мәдениетін көтерудің де маңызды жолы. Ашықтық пен әділдікке негізделген бұл шара халықтың құқық қорғау органдарына деген сенімін арттырып, құқықтық мемлекет құру жолындағы игі бастамаға айналып отыр.