
2025 жылғы 6 маусым күні Жетісай ауданында түнгі уақытта өткен рейд барысында құқық бұзушылыққа жол берген 12 дерек анықталды. Аудандық полиция бөлімінің ювеналды полиция және учаскелік инспекторлармен бірлесіп өткізген бұл рейд – заңның үстемдігі мен қоғамда құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің маңызды қадамы.
Аталған іс-шара кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілсіз жүруіне тосқауыл қою, ойын-сауық орындарында болуын шектеу және алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымына қарсы күрес мақсатында ұйымдастырылды. Нәтижесінде ҚР ӘҚБтК-нің 200, 132, 442 және 442-баптары бойынша әкімшілік құқықбұзушылықтарға қатысты хаттамалар толтырылды.
Бұл шара – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттырып, жасөспірімдер қауіпсіздігін қорғауға бағытталған нақты әрекет. Жетісай полициясы мұндай профилактикалық жұмыстарды алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғастыратынын хабарлады.
Құрметті ата-аналар мен кәсіп иелері! Заң талаптарын сақтау – тек полицияның ғана емес, әр азаматтың міндеті. Қоғамдық тәртіп – ортақ жауапкершілігіміз!