ЦАХАЛ мен «Хезболла» бір-бірін атқылады

0
45

Израильдің қорғаныс әскері (ЦАХАЛ) кеше түнде өздеріне «Хезболланың» шабуыл жасағанын мәлімдеді. ЦАХАЛ бұл шабуылды жауапсыз қалдырмаған.

Израиль әскері Ливанның оңтүстігіндегі Кфар-Кила ауданында орналасқан «Хезболланың» әскери қоймасына шабуыл жасаған. Сонымен қатар Ливандағы Шеба және Рашия-эль-Фохар аудандары Израиль артиллериясы оғының астында қалған. Израиль қорғаныс әскері баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше түнде Батыс Галилеиге әуе арқылы шабуыл жасалған. Алайда, израильдік қорғаныс техникалары бұл шабуылдың алдын алған. Сонымен қатар Малкия аумағында атқыш-дронның қалдықтары табылған. Израильдіктердің мәлімдеуінше, «Хезболланың» шабуылынан жапа шеккендер жоқ. Бірақ, Батыс Галилеиде «әскери дабыл» жасалған.

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу