
Украина сыртқы істер министрі Андрей Сибига Киев пен Еуропаны соғысты аяқтау туралы болашақ бейбіт келіссөздерден тыс қалдыруға болмайды деп мәлімдеді.
Сибиганың айтуынша, 2025 жылы соғысты аяқтау үшін бірге жұмыс істеу бәрінің мүддесіне сай келеді.
– 2025 жылы соғысты аяқтау үшін бірге жұмыс істеу біздің мүддемізге сай іс. Біз жай ғана соғыс қимылдары тоқтағанын қаламаймыз. Украинаны Украинасыз немесе Еуропасыз Еуропаны талқылауға болмайды, – деді ол.