
Футболдан Қазақстан құрамасы Солтүстік Кореямен жолдастық кездесу өткізеді
Бұл жолдастық кездесу 17 ақпанда Корей Халық-Демократиялық Республикасы (КХДР) құрамасына қарсы өтеді. Матч Қазақстан уақытымен 19:00-де басталады.
⚽️ КХДР құрамасы – 1966 және 2010 жылғы әлем чемпионаттарының қатысушысы. Сондай-ақ, 2010 және 2012 жылдары АФК Шақыру кубогында жеңіске жеткен.