
Путин Трампты Мәскеуде 9 мамырда Жеңіс күнін атап өтуге шақырғысы келеді, деді Зеленский.
Украина президенті мұны «спектакль» деп атады.
- «Бізге бұл қажет емес. Бізге таза жеңіс, нағыз бейбітшілік керек», деді Зеленский Мюнхен конференциясында. «Еуропадағы кейбіреулер Вашингтонда қазір не болып жатқанын толық түсінбеуі мүмкін, бірақ біз мұнда, Еуропада, өзімізді түсінуге назар аударуымыз керек. Біз алдымен Еуропаны күшейтуіміз керек. Америкаға Еуропа нарық ретінде керек пе? Иә. Ал одақтас ретінде ше? Бұл жағы белгісіз», – деді Зеленский.