
Жетісай, Мақтаарал және Келес аудандарында болған мал ұрлығы деректері – заң мен тәртіптің маңызын тағы бір еске салады. Түркістан облысы полиция департаментінің жедел әрекеті нәтижесінде алдын ала сөз байласқан 4 адамнан тұратын ұрылар тобы ұсталып, 10-ға жуық қылмыс ашылды.
Жайылымнан ұрланған жылқыларды жүк көлігімен тасып, етін саудалаған күдіктілердің бірі бұрын да сотты болған. Бұл жағдай құқық қорғау органдарының қырағылығы мен кәсіби шеберлігінің арқасында ашылып отыр. Ұрланған 9 жылқы мен өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленіп, тергеу амалдары жалғасуда.
Мұндай қылмыстар тек материалдық шығынмен емес, ауыл тұрғындарының тыныштығын бұзумен де қауіпті. Сондықтан құқық бұзушылыққа «нөлдік төзімділік» ұстанымын ұстану, тәртіпті күшейту – бүгінгі күннің басты талабы. Полицияның дер кезінде әрекет етуі – заңның үстемдігін көрсететін нақты мысал. Ал халықтың сенімі мен қолдауы – тәртіп сақшылары үшін ең үлкен серпін.