Жетісай аудандық полиция бөлімінің инспектор-психологы, полиция капитаны Аубакирова Дина Бекировнаның бастамасымен бөлімнің жас тәлімгерлері үшін танымдық әрі тәжірибелік бағыттағы экскурсия ұйымдастырылды.
Іс-шара аясында жас мамандар аудандық өлкетану музейіне саяхат жасап, туған өлкенің бай тарихы мен мәдени мұраларымен танысты. Мұндай мәдени іс-шаралар жас қызметкерлердің рухани дамуына оң ықпал етіп, туған жерге деген құрмет сезімін арттырады.
Сонымен қатар, экскурсия бағдарламасы аясында полиция қызметкерлерінің қару-жарақты шашып-жинау бойынша тәжірибелік жаттығулары өткізілді. Бұл жас тәртіп сақшыларының кәсіби дағдыларын дамытуға және қызметтік жауапкершілігін арттыруға бағытталды.
Аталған шара жас мамандар арасында патриоттық сезім мен құқық қорғау қызметіне деген адалдықты қалыптастыруда маңызды қадам болды
