
Жетісай аудандық полиция бөлімінде жеке құрам арасында рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайту, қызметтік міндеттерге деген жауапкершілік пен адалдықты арттыру мақсатында арнайы идеологиялық дәріс ұйымдастырылды.
Іс-шараны ұйымдастырудағы басты мақсат – тәртіп сақшыларының ішкі дүниесін байытып, оларды моральдық-психологиялық тұрғыда қолдау, сондай-ақ қоғам алдындағы жауапкершілік сезімін күшейту.
Дәріс барысында полиция қызметкерлеріне ел бірлігі, отансүйгіштік, мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау, құқықтық мемлекет құру жолындағы полицияның рөлі, сондай-ақ қызметтік адалдық пен кәсіби әдеп мәселелері кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, құқықтық сауаттылықты арттыру, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау жолдары мен полицияның қоғаммен ашық қарым-қатынас орнату маңыздылығы жайлы нақты мысалдар келтірілді.
Қылмыстың алдын алу – құқық қорғау органдарының басты басымдығы. Осы орайда дәріс барысында құқықбұзушылықты болдырмау, әсіресе жастар мен жасөспірімдер арасында құқықтық тәрбие жұмысын жандандыру мәселелері қозғалды. Жасөспірімдер арасындағы қылмысты азайту үшін мектептермен, ата-аналармен, жергілікті қоғамдастықтармен бірлесе жұмыс істеудің маңызы ерекше атап өтілді.
Мұндай шаралар полиция қызметкерлерінің тұлғалық және кәсіби дамуына елеулі ықпал етіп, олардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға, азаматтармен қарым-қатынаста сыпайылық пен әділетті ұстануға жол ашады. Сонымен қатар, бұл – полиция беделін арттыруға, қоғамда құқық қорғау органдарына деген сенімді күшейтуге бағытталған маңызды қадам.
Заң үстемдігін қамтамасыз ету – әрбір полиция қызметкерінің негізгі борышы. Осы жолда ішкі тәртіпті сақтай отырып, өзара сыйластық пен ұйымшылдықты нығайту – қызметтің сапасын арттырудың алғы шарты.
Идеологиялық дәріс соңында қатысушылар арасында пікір алмасу өткізіліп, қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді. Мұндай ашық диалогтар ішкі істер саласындағы кадрлардың рухани тұрақтылығын қамтамасыз етумен қатар, олардың құқықтық сауатын арттыруда маңызды рөл атқарады.
Алдағы уақытта да осындай тәрбиелік және білім беру бағытындағы кездесулер тұрақты түрде өткізіліп, тәртіп сақшыларының кәсіби әлеуетін арттыруға үлес қосатын болады.