
2-20 маусымы аралығында Жетісай аудандық полиция бөлімінің криминалдық және учаскелік инспекторлары халық арасында интернет алаяқтықтың алдын алу бойынша кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесулер адам көп шоғырланатын базарлар, әлеуметтік мекемелер мен қоғамдық орындарда өтті. Тұрғындарға алаяқтық түрлері, қорғану жолдары, сондай-ақ жеке деректерді қорғау бойынша кеңестер беріліп, арнайы жадынамалар мен парақшалар таратылды.
Полиция қызметкерлері қоғаммен тығыз байланыс орнатып, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және цифрлық қауіпсіздігін күшейтуге* баса мән беріп отыр.
Тұрғындар бұл бастаманы оң бағалап, құқық қорғау органдарына сенім білдірудің артып келе жатқанын атап өтті.
Есіңізде болсын! Күмәнді сілтемелерге өтпеңіз, бейтаныс адамдарға жеке мәліметтеріңізді бермеңіз. Киберқауіпсіздік – сіздің де жауапкершілігіңіз!
Заң мен тәртіп – қауіпсіз қоғам кепілі!