
Осыдан 94 жыл бұрын ақиық ақын, аудармашы, драматург, «Ғасыр ақыны» атағының иегері МұқағалиМақатаев өмір есігін ашты.
Мұқағали Мақатаев поэзия жанрында ғана емес, проза, драма, сын саласында да қалам тартты. Оның «Қош, махаббат» жинағына әр жылдары жазылған «Құлпытас», «Марусяның тауы», «Өзгермепті», «Әже» әңгімелері, «Қос қарлығаш», «Жыл құстары» повестері мен «Қош махаббат» пьесасы, бірнеше сыни еңбегі енген.
Аударма саласында Шекспирдің сонеттерін, Дантенің «Құдіретті комедиясын» тәржімалаған. Оның өлеңдеріне Нұрғиса Тілендиев, Шәмші Қалдаяқов, Бейбіт Оралұлы, Алтынбек Қоразбаев тағы басқа сазгерлер ән жазды.