Жетісай ауданы аумағында 26-31 мамыр аралығында «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Бұл акцияның негізгі мақсаты – салынған әкімшілік айыппұлдарды өндіріп, азаматтарға құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 893-бабына сәйкес, әкімшілік айыппұл қаулысы заңды күшіне енген күннен бастап 30 тәулікте төленуі тиіс. Әйтпеген жағдайда, 894-бап негізінде борышкер сот орындаушылары арқылы мәжбүрлі түрде өндірілетін болады.
Заң азаматтарға 7 тәулік ішінде айыппұлды 50% жеңілдікпен төлеуге мүмкіндік береді. Бұл – әрбір борышкер үшін тиімді әрі жауапты қадам.

Жетісай аудандық полиция бөлімі тұрғындарды құқықтық тәртіпті сақтауға және өз борыштарын уақытылы өтеуге шақырады. Қосымша ақпаратты аудандық полиция бөлімінің Әкімшілік полиция бөлімшесінен алуға болады.
Тәртіп – тұрақтылық кепілі. Заңға бағыну – азаматтық парыз.
