
Жетісай аудандық полиция бөлімінің бастамасымен оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрметпен қарауды қалыптастыру мақсатында түсіндіру кездесуі өтті. Аталған шараға полиция қызметкерлері, Жастар ресурстық орталығының өкілдері мен мектеп әкімшілігі қатысты.
Жиын барысында құқық бұзушылықтың алдын алу, заң талаптарын қатаң сақтау, азаматтық жауапкершілік мәселелері кеңінен қозғалды. Полиция өкілдері жасөспірімдерге еліміздегі құқықтық тәртіп пен заң үстемдігінің маңызын түсіндіріп, әрбір азаматтың қоғам алдындағы міндетін сезінуге шақырды.
Рұқсат етілмеген жерлерде шомылу, көлік құралдарын заңсыз басқару, түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүру секілді заң бұзушылықтар нақты мысалдармен түсіндіріліп, ол үшін жауапкершілік қарастырылғаны ескертілді.
Сондай-ақ, есірткімен күрес және интернет алаяқтық тақырыбы да назардан тыс қалмады. Полицейлер ҚР Қылмыстық кодексіндегі баптарға тоқталып, құқықтық нормаларды түсіндірді. Оқушылар заңды білу – өзіңді қорғау екенін терең түсінді.