
Жетісай аудандық полиция бөлімінде Түркістан облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Бауыржан Сапардың қатысуымен өткен кездесу – қызметтік тәртіп пен заңдылықты нығайту жолындағы маңызды қадамдардың бірі болды.
Мақтаарал және Жетісай аудандарының полиция қызметкерлерімен өткен жиында тәртіпті сақтау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және құқық қорғау қызметкерлерінің жауапкершілігін арттыру мәселелері кеңінен сөз болды. Бауыржан Сапарұлы полиция қатарындағы әрбір қызметкерден заң талаптарын бұлжытпай орындауды, қызметтік тәртіпті сақтауды және киім үлгісіне дейін мән беруді талап етті.
Кездесу барысында ашық диалог орнап, қызметкерлер өз сұрақтарын қойып, нақты жауап алды. Бұл – ішкі істер органдарындағы әділдік пен тәртіпті сақтау бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстың бір көрінісі. Заң үстемдігін қамтамасыз ету – әрбір тәртіп сақшысының басты міндеті екені тағы да айқындалды.