Қоғамның құқықтық санасын қалыптастыру және ардагерлерге деген құрмет сезімін жас ұрпаққа үлгі ету мақсатында, 9 Мамыр – Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Жетісай аудандық полиция бөлімінің бастығы Әділбек Сапарбеков бастаған бір топ тәртіп сақшылары аудан тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері Папков Петр Кузьмичтің шаңырағына арнайы барып, мерекемен құттықтады.
Ардагерге Алғыс хат пен мерекелік сый-сияпат табысталды. Ардагердің ерен ерлігіне алғыс айтылып, оның өмір жолы – тәртіп пен адалдықтың үлгісі екені атап өтілді.
1942 жылы әскер қатарына алынып, гвардиялық бөлім құрамында жауға қарсы шайқасқан Петр Кузьмич түрлі мемлекеттік марапаттарға ие болған. Ал шілде айында ол 100 жасқа толмақ.
Полицейлер ардагерге зор денсаулық пен ұзақ ғұмыр тіледі. Бұл іс-шара – құқық қорғау органдарының ел қорғаған ерлерге деген құрметі ғана емес, қоғамда заңға, тәртіпке, әділетке негізделген құндылықтарды дәріптеудің нақты көрінісі.
