Жетісай аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты шара өтті. Мерекелік жиын Мемлекеттік Әнұранмен басталып, бөлім бастығының орынбасары Сержан Оспанов жиналғандарды құттықтап, ардагерлерге шынайы алғыс білдірді.
Іс-шара барысында ішкі істер саласында сіңірген еңбегі үшін бірқатар қызметкерлерге алғыс хаттар мен марапаттар табысталды. Қызметтік міндетін орындау барысында қаза тапқан марқұм Ғабит Айтымбетовтің ерлігі де ұмыт қалмады — оның әкесіне арнайы сый-құрмет көрсетілді.
Бұл шара — заң мен тәртіп жолында аянбай еңбек еткен азаматтарды ұлықтау арқылы құқық қорғау саласына деген қоғам сенімін нығайта түсетін, отансүйгіштікке үндейтін тағылымды бастама. Кеш концерттік бағдарламаға ұласып, ел бірлігін, бейбіт күннің қадірін терең сезіндірді.
