Жетісай ауданында облыстық Полиция департаменті бастығының тапсырмасына сәйкес кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған «Жасөспірім» жедел профилактикалық іс-шарасы жалғасуда.
Аудандық полиция бөлімінің бастығы Әділбек Сапарбековтің басшылығымен өткен рейд барысында қоғамдық орындарда тәртіп бұзған, заңға қайшы әрекетке барған бірқатар жасөспірімдер анықталып, тиісті әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Бұл іс-шара – жас ұрпақты құқықтық жауапкершілікке тәрбиелеу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және заң мен тәртіпке деген құрметін қалыптастыру бағытындағы нақты қадам. Полиция өкілдері алдағы уақытта да жастар арасында құқықбұзушылықтың жолын кесіп, қауіпсіз орта қалыптастыру мақсатындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыра бермек.
