Түркістан облысы Полиция департаменті бастығы Мұрат Талапұлының тапсырмасына сәйкес, Жетісай аудандық полиция бөлімі «Қауіпсіз жол» атты профилактикалық іс-шара өткізді. Бұл бастама – көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілердің құқықтық сауаттылығын арттырып, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға үндеуді көздейді.
Іс-шара барысында тәртіп сақшылары азаматтарға жол қозғалысы ережелерінің маңыздылығын түсіндіріп, құқық бұзушылық орын алған жағдайда қандай жауапкершілік қарастырылғанын нақты жеткізді. Аудандық полиция бөлімінің бастығы Әділбек Сапарбеков: «Жол ережесін сақтау – бұл адамның өз өміріне деген құрметі мен жауапкершілігі. Мұндай түсіндіру жұмыстары жол-көлік оқиғаларының алдын алуға елеулі әсер етуде», – деп атап өтті.
Бұл бастама – қоғамда заң мен тәртіп мәдениетін қалыптастыруға, қауіпсіз орта құруға бағытталған жүйелі жұмыстардың бір бөлігі. Жетісайда құқық қорғау органдары тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында тынымсыз еңбек етуде.
