Жетісай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері құқықтық тәртіпті нығайту мен жастардың құқықтық санасын арттыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жүргізіп келеді. Соның бір көрінісі — Абай Құнанбайұлының шығармашылығын дәріптеу арқылы жасөспірімдерге рухани-адамгершілік құндылықтарды сіңіру мақсатында өткізілген тағылымды кездесу.
Полиция сыныбында білім алатын жас сақшылар жергілікті кітапханада Абай өлеңдері мен қара сөздерін оқып, оның философиялық ойларынан өмірлік сабақ алды. Бұл бастама — жастардың тек әдеби білімін ғана емес, құқықтық сана-сезімін де қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам.
Іс-шара полиция қызметінің халықпен, әсіресе болашақ мамандармен байланысын нығайтып, құқық қорғау органдарына деген сенімді арттыруды көздейді. Қоғамдағы заң үстемдігін қалыптастыруда осындай мәдени-ағартушылық кездесулердің маңызы зор.
Жетісай ауданының полицейлері бұл бағыттағы жұмыстарды алдағы уақытта да жалғастырып, жастарды заңға құрметпен қарауға, тәртіпке бағынуға және қоғам игілігі үшін қызмет етуге тәрбиелей бермек.
