
Жетісай ауданы полицейлері қылмыстың алдын алу мен құқық бұзушылықтарға тосқауыл қою мақсатында кешенді профилактикалық іс-шаралар жүргізуде.
Ауданда өткен рейд барысында облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Бағланбек Айтпаевтың қатысуымен бірқатар құқық бұзушылықтар анықталып, дереу тоқтатылды.
Жол қозғалысы ережесін өрескел бұзудың 227 жағдайы тіркеліп, 71 көлік айыптұраққа қойылды. Жүргізушілер мен жолаушыларға заң талаптары түсіндірілді.
— Қоғамдағы құқық бұзушылықтың алдын алу – біздің ортақ міндетіміз. Қылмысқа нөлдік төзімділік ұстанымын әрбір азамат санасына сіңіруіміз керек. Бүгінгі профилактикалық шара – халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы жүйелі жұмыстың бір бөлігі. Әр учаскелік инспектор, әр тәртіп сақшысы тек жазалаушы емес, алдын алушы, түсіндіруші, қолдаушы болуға тиіс. Тұрғындармен ашық диалог құру – қауіпсіз қоғам құрудың негізгі жолы. Біз бұл бағыттағы жұмыстарды барлық аудандарда күшейтіп, заңдылық пен тәртіпті сақтау жолындағы қызметімізді жалғастыра береміз, – деді Бағланбек Айтпаев.
Учаскелік инспекторлар пробациялық бақылаудағы азаматтарды, шетел азаматтарын тексеріп, тәртіп бұзуға жол бермеу үшін түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Қылмысқа нөлдік төзімділік – полиция жұмысының басты қағидаты. Халықтың тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін мұндай рейдтер өңірдің барлық ауданында жалғасады.