Серік Сәпиевтің жүлдесіне арналған турнир өтеді

0
58

Серік Сәпиев атындағы Қарағанды бокс орталығында 21–26 қараша аралығында ХХХ Жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы Серік Сәпиевтің жүлдесіне арналған ХІ ашық республикалық турнир ұйымдастырылады. Жарыс жастар арасында өтеді.

Додаға Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Әзірбайжан, Моңғолия және Қазақстанның ең мықты боксшылары қатысады.

Турнир 22 қарашада сағат 15.00-де ашылады.

Қызықты жекпе-жектерді барлық күндер 13.00-ден 18.00-ге дейін тамашалауға болады.

Кіру тегін.

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу