Өткен аптада 10 тауар түрінің бағасы төмендеді

0
56

22 маусым күні Үкіметте Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен жиында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының соңғы аптағы жағдайы талқыланды, деп хабарлайды Сауда комитетінің баспасөз қызметі.

Сауда және интеграция министрлігінің ұсынған деректеріне сәйкес, екінші апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының орташа республикалық индексі тұрақты және 100% құрайды. Жыл басынан бері ӘМАТ баға индексі де тұрақтылықты, 99,9% құрайды.

Өткен аптада 10 тауар түрінің бағасы төмендеді. Олардың ішінде: сәбіз 1,8% — ға, қарақұмық жармасы 0,7% — ға, нан мен қант 0,3% — ға, жұмыртқа 0,2% — ға, сондай-ақ ұн, күріш, күнбағыс майы, сүт және сүзбе 0,1% — ға арзандады. Рожки, сары май, сиыр еті, тауық еті және айран сияқты басқа өнімдердің бағасы тұрақты.

Аймақтардағы азық-түлік бағасының жағдайы да тұрақты болып қала береді. Еліміздің төрт облысында — Астана қаласы, Қарағанды, Қостанай және Жамбыл облыстарында — баға тұрақтылығы байқалады. Бағаның төмендеуі бес облыста тіркелді: Ұлытау (-0,6%), Түркістан облысы (-0,4%), Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстары (-0,2%), Алматы облысы (-0,1%).

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу