Шымкенттегі «Фосфоршылар» сарайында студент қаза тапты

0
87

18 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 19:48-де Шымкенттегі бұрынғы «Фосфоршылар» сарайының үш қабатты ғимаратының бір бөлігі құлаған.

Оқиға кезінде ғимаратта үш адам болған, олардың екеуі қашып үлгерген, біреуі үйінділердің астында қалып, қайтыс болды. Зардап шеккендердің барлығы – «Орта Азия» медициналық колледжінің екінші курс студенттері.

Оқиға орнын тексеруге 23 қызметкер және 9 бірлік ТЖД арнайы техникасы, 8 құтқарушы, 2 кинологиялық есеп және медицина қызметкерлері қатысты.

Қазіргі уақытта оқиға орнын мұқият тексеру жүргізілуде.

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу