Әнші Димаш 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды

0
131

Әнші Димаш Құдайберген шахтада әкелері қайтыс болған, кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды, деп хабарлайды Kazinform.

Қарағандыдағы Костенко шахтасында қаза тапқан 46 азаматтың артында қалған отбасыларына мемлекет те, жеке кәсіпкерлер де қолұшын созып жатыр.

Әйгілі әнші Димаш Құдайберген де осы отбасыларға қайырымдылық жасаудан қалыс қалған жоқ. Ол сол апатта әкелері қайтыс болған, кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар 20 отбасыға 1 миллион теңгеден аударды.

Айта кетейік, 28 қазан сағат 02:33-те Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада апат болып,  46 кенші қаза тапты.

Осы қайғылы оқиғаға байланысты Қазақстанда 29 қазан Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланған болатын.

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу