Ыстықкөлде Қазақстан азаматы қаза тапты

0
51

Қырғызстанда Ыстықкөлде қайықтың соқтығысуы салдарынан қазақстандық қаза тапты.

Ыстықкөл облысы ІІД мәліметінше, оқиға 15 шілде күні кешке болған. Балықшы қаласының тумасы, қазіргі Қазақстан азаматы К.Б. (1982 жылы туған) Қара-ой ауылындағы демалыс орталықтарының бірінің жағажайында қайық соғылғаннан кейін аудандық ауруханаға жеткізілді. Келесі күні ер адам реанимацияда қайтыс болды.

Тергеуге дейінгі іс-шаралар барысында су қайығы иесінің (Ыстықкөл ауданының тумасы, 1992 жылы туған) және жүргізушінің (Қара-ой ауылының тумасы, 2006 жылы туған) жеке басы анықталды.

Осы факті бойынша Ыстықкөл облысының ішкі істер департаменті Қырғызстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 127-бабында көзделген «Абайсызда адам өліміне әкеп соғу» және 311 бабы «Жол қозғалысы, темір жол, әуе немесе су көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігі қағидаларын бұзу» баптары бойынша қылмыстық іс қозғады.

Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу