«Қорғас» ынтымақтастық орталығы 24 сағат жұмыс істеуі мүмкін

0
74

Қазақстан-Қытай шекарасында орналасқан «Қорғас» ынтымақтастық орталығына келушілер саны артта түсті. Бұл Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық өзара іс-қимылдың негізгі нүктесі. Ынтымақтастық орталығына кіріп-шығатын екі елдің саяхатшылары негізінен трансшекаралық туризм және шоппингпен айналысады. Kazinform  агенттігінің тілшілері аталған аймақта болып, саудасы қызып жатқан қалашықпен танысып қайтты.

Қытай Халық Республикасымен өзара тиімді сауда-экономикалық қарым-қатынас орнату – Қазақстанның сыртқы экономикалық жалпы даму стратегиясының басты бағыттарының бірі. «Қорғас» халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығының жалпы аумағы – 600 гектар. Оның 185 гектары Қазақстанға, 343 гектары Қытайға тиесілі.

Қазақстан мен Қытай шекарасындағы бақылау бекеті таңғы сағат 07:00-де ашылып, кешкі 18:00-де жабылады. Жақында 24 сағат жұмыс істеуі мүмкін. Кез келген уақытта әрі-бері өтуге еш кедергі жоқ. Бұл «Қорғас» шекарасындағы кешкі базарды дамытады.

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу