Қазақстанда үш-ақ адам тұратын ауыл бар

0
63

Солтүстік Қазақстан облысында үш қана адам мекен ететін ауыл бар. Бұл туралы обысы әкімі СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов брифинг кезінде айтты.

Брифинг барысында өңір басшысынан облыстағы халқы аз елдімекендер туралы сұралды.

«Қазіргі таңда біздің облыстағы 635 елдімекеннің 125-інде тұрғындары саны 50-ге жетпейді. Ал 39 ауылдағы халық саны 10-ға жетпейді. Үш, төрт, бес адам тұратын ауылдар бар. Оларды қысқарту мәселесі қозғалып та жатыр. Бірақ бұл істе біз абайлап қимылдауымыз керек. Адамдармен, өндіріс орындарымен, оларды көшірумен айналысқанда әр қадамды ойланып жасау қажет» деді облыс әкімі.

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу