Жеке кәсіпкер болмасаңыз да салық органдарының тізіміне ілінесіз? Егер…

0
60

2024 жылдан бастап жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген азаматтардың да банк есепшотындағы аударымдар тексеріледі. Енді екінші деңгейлі банктер салық органдарына клиенттері туралы ақпарат беруге міндеттеледі. Қандай жағдайда?

 

Егер бір адамның есепшотына бір айда 100 аударымнан артық аударым жасалса, оның есепшоты туралы мәлімет салық органдарының тізіміне алынады. Сонымен қатар соңғы 3 айдағы аударым туралы мәліметтер тексеріледі. Яғни, сіздің есепшотыңызға бір айда 100-ден астам мобильді аударым түсетін болса, сіз жайлы ақпарат салық органдарына жолданады.

 

Бұл өзгеріс бәрін заң аясында істейтін салық төлеушілеріне еш әсер етпейді. Олар бұрынғыдай туыстарына, достарына, басқа да адамдарға аударым жасай береді.

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу