Қазақстандық мерген әлем кубогында алтын медаль олжалады

0
61

Оқ атудан Каирде (Мысыр) өтіп жатқан әлем кубогының кезеңінде Қазақстан құрамасының қоржынына алтын медаль түсті.

Атап айтсақ, «Трап» бағдарламасы бойынша сынға түскен Мария Дмитренко топ барлық қарсыластарын басып озып, жеңіс тұғырының ең биік сатысынан көрінді.

Алтын жүлде үшін өткен тартысты сайыста 35 жастағы отандасымыз 40 ұпай еншілеп, Токио Олимпиадасының чемпионы, 2 дүркін әлем чемпионы Фатима Галвез және Токио Олимпиадасының 2 мәрте жүлдегері Алессандра Периллиді басып озды.

Бұл — Мария Дмитренконың алғашқы ірі жетістігі емес, ол осыған дейін әлем кубогы кезеңдерінде екі рет алтын (2023, 2024), екі рет күміс (2021, 2023), үш рет қола (2021, 2022) медаль еншілеген.

Бұл — қазақстандықтардың Каирде жеңіп алған үшінші жүлдесі.

Осыған дейін тағы екі қола медаль алған болатын.

Айта кетейік, Мысырда ұйымдастырылып жатқан турнирде әлемнің 65 елінен 700 сұрмерген бақ сынауда.

Жарыс 1 ақпанға дейін жалғасады.

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу