«Испания футбол федерациясы оны қорғай алар емес»

0
51

Испаниялық «Атлетик Билбао» клубының президенті Джон Уриарте Испания футбол федерациясын кінәлап мәлімдеме жасады. Оның сөзінше, федерация ұлттық құрама сапында ойнап жүрген Нико Уильямсты қорғай алмай жатыр.

«Уильямс осы турнирде мықты ойнап жатыр. Оның болашағына байланысты әңгіме жиі қозғалуда. Әсіресе, БАҚ өкілдері оны жиі мазалап жатыр. Ал, Испания футбол федерациясы оны қорғай алмауда. Бұл мәселе Испания құрамасының ойынына әсер етуі мүмкін» деп мәлімдеді Уриарте.

Бильбаолық клубтың президентінің сөзіне сенсек, команда Уильмспен қоштасуға құмбыл емес. Клуб пен ойыншы арасындағы келісім-шарт 2027 жылдың жазына дейін жасалған. Уриарте Уильямсты командада ұстап қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынын мәлімдеді. Бұл үшін клубтың экономикалық әлеуеті жеткілікті деп мәлімдеді ол.

Айта кетейік, осы Еуропа чемпионаты кезінде жарқын ойынымен көзге түскен Нико Уильмяс осы жазда «Барселонаға» ауысуы мүмкін деген әңгіме тараған. Бұл әңгімені клуб президенті Лапорта да растады.

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу