Еуропа чемпионатының финалында француз төрелік етеді

0
44

УЕФА Германияда өтіп жатқан Еуропа чемпионатының ақтық ойынында төрелік ететін төрешіні атады. Ол — Франсуа Летексье. Оған ВАР жүйесінде тағы бір француз Жером Брисар көмектеспек.

Жалпы бұл матч Летексье үшін осы турнирдегі төртінші ойын болмақ. Бұған дейін француз төрешісі Хорватия-Албания, Дания-Сербия, Грузия-Испания ойындарына ысқырық алып шыққан.

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу