Францияда ірі дүкендер қауіпсіздік режиміне көшті

0
50

Францияның Париж, Лион сияқты қалаларындағы ірі дүкендер Парламент сайлауының екінші кезеңі аяқталар тұста күзетті күшейтіп жатыр.

Кәсіпкерлерді оңшылдар мен солшылдар арасында болуы мүмкін қақтығыстар алаңдатып отыр.

Франция Ішкі істер министрі Джеральд Дарманин жұма күні қақтығыстар болуы мүмкін екенін ескерткен. Соның алдын алу үшін 30 мың сақшы мен жандарм қауіпсіздік күзетіне жұмылдырылып отыр. Париждің айналасында ғана 5 мыңдай сақшы жұмыс іске тартылады.

«Лионеда тәртіпсіздіктер болуы мүмкін. Бұл қалада әсіре солшылдар мен әсіре оңшылдардың ошағы бар», — деді министр.

Ал Париждің Елисей алаңындағы, Риволи көшесі мен Опера ауданындағы ірі дүкендердің сөрелері жабық тұр.

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу