Жапонияда ірі табиғи апат орын алды

0
124

Жаңа жыл Жапония үшін қайғылы басталды. Кешеден бері Жапонияда 156 рет жер сілкінісі тіркелді. Ең қуатты сілкініс 7.6 балға жеткен. Қазірге дейін 48 адам қаза тауып, талай ғимарат пен маңызды нысандарға зақым келген дейді ақпарат көздері.
Ал бүгін кешке қарай екі ұшақ соғылысып, нәтижесінде 5 адам қаза тауыпты.
Токио қалалық полиция департаменті Japan Airlines жолаушылар ұшағымен соқтығысқан жағалау күзетінің ұшағындағы бес адамның қаза тапқанын растады. Ал капитан ауыр жараланған.
2 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00 шамасында JAL жолаушылар ұшағы Токио Ханеда әуежайына қонғаннан кейін Жағалау күзетінің ұшағымен соқтығысқан. Бұл ұшақ Ното түбегіндегі жер сілкінісінен зардап шеккен аймаққа көмек көрсетуге аттанғалы тұрған екен.

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу