Қызылордада сегіз адам мінген автокөлік аударылып, бір адам көз жұмды
Қызылорда облысында сегіз адам мінген адам автокөлік аударылып, бір адам қаза тапты.
Оқиға Арал ауданы аумағындағы «Самара-Шымкент» тас жолының бойында болды. Автокөлік Қазалыдан Арал қаласына қарай бағыт алған.
«Жол бойында 63 жастағы жүргізушінің автокөлігі аударылған. Оның ішінде болған сегіз адамның біреуі қайтыс болған. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігімен қылмыстық іс тіркелді. Сараптамалар тағайындалып, тергеу жүргізіліп жатыр», — деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінен.