Бес жасар бүлдіршін шетелде өнер көрсетеді

0
72

 

Түркістан облысы, Сауран ауданы, Жаңа Иқан ауылы, Ибата елді мекеніндегі «Жана Иқан» жалпы орта мектебінің мектепалды даярлық тобының кішкентай оқушысы Имана Хаджиева талантымен танылып жүр. Имана «Ақ көгершін» бөбекжай балабақшасының тәрбиеленушілері арасында өткізілген «Көктем аруы-2023» байқауына қатысып, жеңімпаз атанған болатын. Сол сайыстан кейін кішкентай әнші балапанымыз Астана қаласында өткен «Сазды ән мен жыр-дастан» республикалық байқауынан, Алматы қаласында өткен республикалық «Жарқын болашақ» өнер байқауынан І орын иеленген.

Сонымен қатар, Түркістан қаласында «Атадан – мұра» қоғамдық қорының бүлдіршіндер, мектеп оқушылары мен жасөспірімдер арасында өткізілген республикалық «Дарабоз» байқауында І орынды жеңіп алды. Содан кейін аталған қоғамдық қордың ұйымдастыруымен Алматы қаласында өткен байқаудың арнайы жолдамасын ұтып алды. Енді Имана халықаралық «MERHABA TURKIYE» музыкалық фестиваліне жолдама алып отыр.

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу