Балқаш көлінде төрт балықшыны ағыс алып кетті

0
31

арағанды облысы Ақтоғай ауданындағы Балқаш көлінде қиын жағдайға тап болған 4 балықшы құтқарылды.

Олар қайықпен жүзіп, өз бетімен жағаға шыға алмай қалған.

«Құтқарушылар 30 минуттың ішінде қайықтағы балықшыларды тауып, жағаға шығарды. Балықшылардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ, оларға медициналық көмек қажет емес», — делінген Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаменті таратқан хабарламада.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін Бұқтырмада қайықпен жағаға жете алмай қалған балықшыларға құтқарушылар көмекке келген еді.

Ал, Маңғыстауда құтқарушылар биыл сәуір айының басында Түпқараған ауданының аумағында теңізде жоғалып кеткен балықшылардың бірінің денесін тапқан болатын.

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу