36 МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІНІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚАЙТА ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

0
28

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметістері агенттігінің Түркістан облысы бойыншадепартамент басшысының орынбасары, Әдепжөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Д. Суртековтың төрағалығымен семинар өтті.

Семинарда «қызметтік тергеп-тексеру кезіндегідәлелдемелер және дәлелдеу мәселелері, мемлекеттікқызметшілердің тәртіптік жауаптылығын қарау, тәртіптік комиссия жұмысын ұйымдастырумәселелері, мемлекеттік қызмет саласындағыбақылау және қызмет көрсету бағытындағызаңнамалар» тақырыптары талқыланды.

Жиынға облыстың Әдеп жөніндегі уәкілі, жергіліктіатқарушы органдардың, орталық мемлекеттікатқарушы органдарының аумақтық бөлімшелерініңкомиссия төрағалары мен комиссия мүшелеріқатысты.

Кездесу барысында Департаменттің мемлекеттікқызмет саласындағы бақылау басқармасының басмаманы С. Сарқыт мемлекеттік органдардыңағымдағы жылдың басынан бері тәртіптіккомиссияның жұмысына жүргізілген талдауқорытындылары бойынша баяндады.

Нәтижесінде 488 лауазымды тұлға тәртіптікжауапкершілікке тартылып, 2023 жылдың осыкезеңімен салыстырғанда қолданылған тәртіптікжазалардың саны 20,5% артқаны байқалатындығынатап өтті.

Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметшiнің тәртіптікжауаптылығын қарау кезінде қызметтiк тергеп-тексеру жүргiзу бойынша заңнама талаптарыныңсақталуына бағытталған түсіндірме жүргізді.

Бұл ретте, Д. Суртеков тарапынан кейбір мемлекеттікоргандарда мемлекеттік қызметшілерге тәртіптікжаза қолдану барысында заңнама талаптарысақталмай өрескел бұзушылықтар орын алыпжатқаны айтылды.

Департаменттің талдау нәтижесінде тәртіптік жазақолдану қағидалары талаптарының бұзылуысалдарынан 36 мемлекеттік қызметшіге тәртіптікжаза дұрыс қолданылмаған.

Өз кезегінде, Департаменттің ұсынуымен заңнаманормалары бұзыла отырып тәртіптік жазақолданылған бұйрықтардың күші жойылып, мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды.

Сонымен қатар, Департаменттің Мемлекеттік қызметсаласындағы бақылау басқармасының басшысы Е. Жұматай Агенттікпен жұмыс уақыты режимініңсақталуына мониторинг нәтижелеріне талдаужүргізілгенін, нәтижесінде бірқатарбұзушылықтардың орын алғанын, бұл бағыттағыжұмыстар жалғасатынын және Әдеп кодексінормаларымен мемлекеттік қызмет саласындағызаңнама талаптарын басты назарда ұстау керектігінжеткізді.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері

агенттігінің Түркістан облысы

бойынша департаменті

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу